ТҮРКІСТАН: ЗЕРТХАНАЛАР КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ТӘУЛІГІНЕ 5000 СЫНАМА ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫН

Түркістан облысының медициналық ұйымдарында орналасқан зертханалар тәулігіне Covid-19-ды анықтау үшін 5000 тест өткізуге дайын. Облыс бойынша тәулігіне ПТР-тест жүргізетін 10 зертхана жұмыс істеуде. Өңірде пандемия басталғалы күні бүгінге дейін барлығы 240 мыңға жуық тест өткізілді.

Аймақта пандемияның екінші толқынына дайындық жұмыстары күшейтілген. Инфекциялық стационарларда науқастарды қабылдауға 600 төсек-орын әзірленген. Сондай-ақ, 340 орындық карантиндік стационар қосылды. Жалпы, эпидемияның ықтимал өршуін ескере отырып, облыс бойынша 6000-ға жуық төсек-орын қарастырылған. Бұдан басқа, барлық емдеу мекемелері дәрі-дәрмектердің екі-үш айлық қорымен қамтамасыз етілген.

 

Түркістан облысы бойынша жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырған 3430 жағдай тіркелген. 3362 науқас сауығып кетті. Соңғы бір тәулікте індеттің симптомсыз түрімен 2 науқас тіркелді. Инфекциялық стационарларда қазір 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 науқас коронавирус инфекциясына, қалғандары вирусты пневмонияға шалдыққандар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.