ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БІР КҮНДЕ 13 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Былтыр Жетісай ауданына 19 мыңға жуық көшет отырғызылып, оның 16 мыңы көктеген болатын. Биыл тағы 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, кипорис, терек, шынар, қарағаш, багрянник, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттерді отырғызу жоспарланған.
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен қолға алынған көшет егу жұмыстарының алғашқы күнінде қала, кент, барлық ауылдық округтерде 13 мың дана көшет отырғызылды.
Еске сала кетейік, аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Көшеттер Түркістан облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы тарапынан жеткізіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.