ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6282 АДАМ АДАМ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Түркістан облысының 16 аудан, қаласында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында түрлі сала өкілдеріне «Nur Otan» партиясының мүшелік билеттерін тапсыру салтанатты іс-шаралары өтті. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында өткен жиында 12 адамға партиялық билет тапсырылды.
Партия қатарын толықтырғандар сапында білім, кәсіпкерлік саласының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Оларға билеттерді тапсырған «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары К.Жантөреева белсенді азаматтарға сәттілік тіледі. ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, партияның алдында үлкен міндет, жауапкершілік тұрғанын да атап өтті.
Осы күні Түркістан облысының барлық, аудан қалаларындағы филиалдарда жалпы 138 азаматқа партиялық билеттері тапсырылды. «Нұротандық» атанған азаматтар партияның ұстанымын қолдай отырып, елді дамыту жолында еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Жалпы бүгінде Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының 80 мыңға жуық мүшесі бар. Жыл басынан бері өңірде партия қатарына 6282 адам қабылданған. Олар қоғамның сан түрлі саласында мемлекетті өркендету бағытында жемісті жұмыс істеп келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.