ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласында осы уақытқа дейін қатты отынмен жұмыс істеп келген 40 Гкал қуаттылықтағы қазандықты табиғи газға ауыстыру жұмыстары аяқталуға таяу. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 1-ші қазанға дейін қазандық пайдалымға беріледі.

Облыстық энергетитика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде «2020-2021» жылдардың жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жылыту маусымына дейін Түркістан қаласында Отырар мөлтек ауданындағы №2-ші қазандықты кеңейту және әкімшілік іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерге жылу беретін 5 жеке қазандығын орнатып, жылу жүйелерін жүргізу жұмыстарын аяқтау көзделуде. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар арасында шаһарда тұрғын үйлер мен өзге де нысандарды табиғи газға көшірудің тиімділігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Ал, облыс бойынша қазір аудан, қала халқына жылу жеткізетін 35 қазандықтың 23-і аязды қысқа сақадай-сай тұр. Қалғандарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өңірде 1522 көпқабатты үй болса, оның 586-да орталықтандырылған жылумен қамту жүйесі орнатылған. Тұрғын үйлердің 80 пайызға жуығы қысқа дайын. Және, 2623 бюджеттік мекеменің 2214–і жылыту маусымына толық әзірленген. Бірінші кезекте облыс көлеміндегі әлеуметтік нысандардың дайындығын қамтамасыз ету, қатты және сұйық отынның бағасын өсірмей өз мерзімінде тасымалдануын қадағалау көзделіп отыр.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.