Түркістанда бір түннің ішінде жер телімі 1 млн теңгеге қымбаттап кетті

Күні кеше ғана Түркістан облыс орталығы болғанын бүтін бір ел болып қуанып жариялаған едік, дегенмен, бір күні өтті ме, өтпеді ме Түркістан жұртшылығы жер бағасын қатты қымбаттатып жіберген. Айталық,Түркістанда бір түннің ішінде жер телімі 1 млн теңгеге қымбаттап кеткен. Облыс орталығы Түркістан қаласы болады деген әңгіме шыққалы бері 2,5 млн теңгеге бағаланған 10 сотық жердің құны 3,5 млн теңгеге дейін өссе, бүгін жер иелері 4 млн теңге сұрап отырған көрінеді.

Имандылық пен әулиеліліктің мекеніне баланған киелі Түркістан тұрғындарының ынсапты ысырып тастап, мұндай іс-әрекетке баруы жұртты елең еткізді. Елдің араны ашылғаны соншалық, тіпті Түркістанда кешеге дейін 3 млн теңгеге өтпей келген 10 сотық жері бар 2 бөлмелі шағын «времянка» 4,5 млн теңгеге дейін өсіп кеткен еді. Ал жалға берілетін тәуліктің пәтер бағасы 3-5 мың теңге асып кеткен. Түркістан — киелі қала. Оның облыс орталығы атануының да себебі тегін емес. Әйтсе де, облыс орталығы халқына тоқтау керек сияқты.

                                                                                                                                       Б.Тағай

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.