ТҮРКІСТАНДА КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу мәселесі бойынша квазимемлекеттік сектор өкілдеріне кезекті рет онлайн форматта семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Түркістан өңірінде квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында ұжымдық адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу бойынша ақпараттық және ағарту жұмыстарын жүргізу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі басымдықтары талқыланған семинарға Агенттіктің өңірлік Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет, Түркістан облыстық әкім аппаратының бас инспекторы Бауыржан Досжанов, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының басшылары мен Zum қосымшасы арқылы қала/аудандардан 200 — ге жуық комплаенс офицерлері қатысты.

Аталған мәжілісте комплаенс қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары, ережесі және бұйрықтары бойынша сұрақтар қамтылды.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халықына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті жалғастыруды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің айқындығы мен есептілігін арттыруды тапсырған болатын.

Республикамыздағы барлық 6466 квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 5632-сі, яғни 87%-ы жергілікті атқарушы органдарының қарауына жататынын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың комплаенс-қызметтерінің қызметін жүйелеу үшін облыс әкімі деңгейінде комплаенс-қызметтердің Үлгілік ережесі бекітілуде.

Агентіктің аумақтық департаменті және облыс әкімдігімен меморандумға қол қою алдағы уақытта жоспарлануда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.