ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан қаласы Самал мөлтек ауданындағы 4 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру жұмыстары оң шешімін тауып келе жатқанын айтты.
«Бұл көпқабатты үйлерге газ құбыры 5 жыл бұрын тартылып қойған. Белгілі себептермен аяқталмай қалған мәселе өз шешімін тауып отыр. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бүгінде газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүруде. Жалпы газбен қамту жұмыстары 11 кезеңнен тұрады. Бүгінде оның 7 кезеңі сәтті іске асырылды», — деді Мейіржан Иябайұлы.
Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасы аясында 104 тұрғын үйге көгілдір отын жеткізілген. Жақын күндері қосымша тағы 150 үйге газ жеткізіледі. Жоспарға сәйкес жыл соңына дейін Түркістан, Кентау қалаларын 100 пайыз газбен қамтылатын болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.