ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Ақтау қаласында өткен спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасындағы кезекті ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Елішілік додада Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық есепте бас жүлдені жеңіп алды.

Жарыс жолына атойлап шығып өнер көрсеткен 50 келідегі Айман Ибрагимова мен 72 келі салмақта сынға түскен Ақбота Қыдырәлі мен +80 келіде күш сынасқан Нурила Асанқызы жарыс жеңімпазы атанды. Осылайша, облыс намысын қорғаған Түркістан облысының талантты саңлақтарының бәсі басым болды.

Ел чемпионатында түркістандық боз кілем көркін қыздырған балуандар қатарында 47 келіде Шолпан Алтынбек, 80 келіде Ұлбосын Адилова, 50 келіде Асем Махамадияр, 54 келіде Гүлназ Өмірбектер күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондайақ 47 келіде Асем Махамадияр, 54 келіде Гүлбахар Журабай, 47 келіде Шолпан Алтынбек, 50 келіде Жанерке Айдалылар қола жүлдені қанағат етті.

Сайыста жүлдені уысынан шығармаған спортшылардың жетістікке жетуіне бапкерлерінің қосқан үлесі мол.

Яғни, білікті бапкерлерАбдісадық Халиллаев пен Мөлдір Бейсембаева, Мұхтар Бөгенбаев пен

Қанат Арғынбаев, Нұрғали Танкеевтердің еңбегі ерен. Жастарды спорт өнеріне баулып келе жатқан жаттықтырушылар артылған үміт ақталғанына дән риза.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.