ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 2 КҮМІС МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Таеквондодан БАӘ-нің Фуджейра қаласында рейтингтік халықаралық турнир өтті. Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында ел намысын қорғаған Түркістан облысының екі спортшысы күміс медальді иеленіп, отандастарымызға қуаныш сыйлады.
Азияның ең талантты спортшылары бас қосқан додада 54 келі салмақ дәрежесінде еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Әзірет Дүйсенбек күміс медальді жеңіп алды. Сондай-ақ 80 келіде бақ сынаған Нұрлан Мырзабаев та күміс алқаны олжалады. Жерлестеріміз алдағы өтетін ірі халықаралық және әлемдік додаларда қатысады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.