Түзеу мекемесінде тәртіп қатаң

ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр. 12.04.2022 жылы ИЧ-167/3 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің қызметкерлері туысқанына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматты ұстады.
Анықталғандай Шымкент қаласының Ш есімді тұрғыны өзінің жазасын өтеп отырған туысына сотталғандарға тыйым салынған заттарды сәлемдемеге жасырып салып келген. Сәлемдемеге салып келген желім ыдысқа салынған май ішіне 6 дана ұялы телефон, 6 дана сим карта және 1 дана қуаттағышты кіргізбекші болған. Алайда тексеру тобының жіті тексеру барысында аталған тыйым салынған заттар табылып тəркіленген.
Қазіргі таңда ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы 481 бабына сай іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.