Тығырық па? Тығырық!
А.САРЫМ:
Жалпы алғанда, қазақтың қорқатыны ашылып жатқан шетелдік зауыттар мен фабрикалар емес. Қорқып отырғанымыз – сол 51-дің ішіндегі ауыл шаруашылығына қатысты кәсіпорындар. Қытай – қарқынды дамып отырған мемлекет. Қарқынды дамыған елге нан, ет, азық ауадай қажет. Ішкі Қытайдың ауыл шаруашылығының әлеуеті шектеулі, экологиясы бұзылып, шаруаға жарар жерлері аз. Олай болатын болса, азық-түлікті көршілерінен алмақ. Сол көршісінің бірі – Қазақстан, яғни бізбіз. Мысалы, бүгінгі күні Орталық Азияда 38 миллион гектар егістік жер болса, оның 74 пайызы, яғни 28 миллионы Қазақстанға тиесілі. Қытайдың басты қызығушылығы – осы жер өндіре алатын ауылшаруашылық өнімі. Біздің де қорқып отырғанымыз осы – жер, осы жердің тағдыры. Қарапайым қазақтың қорқынышы осы жерге алдымен мыңдаған, артынан миллиондаған қытайлық келіп, артынан оны заңдастырып, жекеменшікке алып кете ме деген үрей емес пе? Тығырық па? Тығырық!
«ЖА»