Үш тілді бірден оқытқанда бала­ның ана тілі болмайды

Рәбиға СЫЗДЫҚОВА: 

Бала бастауыш мектепте қазақ тілі бойынша сауатты жазып, әбден дағдыланған соң ғана шет тілдерді үйретуге болады. Мектеп табалдырығын аттаған бала ана тілінде ғана сөйлеуі керек. Бала бастауышта орыс тілінде де емес, ағылшын тілінде де емес, тек қана ана тілінде оқуы керек. Үш тілді бірден оқытқанда бала­ның ана тілі болмайды. Ана тілі болмаған адамнан ешқан­дай ақын да, жазушы да, сурет­ші де шықпайды. Ғалым шы­ғар, маман шығар, тіпті атақ­ты адам да шығар. Бірақ он­да ешқандай мәдени азық бол­май­ды. Ағылшын тілінде тамаша жаз­сын, орыс тілінде өлең шығар­сын, бірақ ол – ана тілі емес. Сондықтан Үкі­мет, бас­шы­­лар, оқу-ағарту сала­сын­дағы­­лар қазақ мектебін қолға алып, қамқорлық көрсетуі керек. Қазақ мектебін көбейту керек. Айналасын ана тілін­д­е танып, әр заттың қазақша атауын білген соң ғана оның орыс­­­шасын, ағылшыншасын үй­­р­енуі оңай. Қазақ халқының сақ­­­талуы тілінің сақталуына бай­ланыс­ты.

 «Егемен Қазақстан»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.