Үшінші мегаполистің педагогтық құрамы

Қаламызда педагогтар саны – 28 702 (б/б – 5 684, колледж – 2 421, мектеп – 19 534).

Жалпы орта білім беретін мектептерде 19 534 педагог жұмыс істейді, мемлекеттікте -18 770, ал жекеменшікте -764 .

Кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығы бар педагогтар үлесін арттыру жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, 2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың 190 педагогы (тәрбиеші-165, меңгеруші-25) қайта даярлау курсынан өткізіліп, қаладағы 524 мемлекеттік балабақшалардағы 4 225 педагогтардың ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бары 2 886 (68,3%) құрап отыр.

Қазіргі таңда, қаладағы мемлекеттік мектептердегі педагогтардың жалпы саны – 18 770. Оның ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында шеберлік деңгейі бар педагогтар саны — 10 503 педагог (55,9%).

2021 жылға біліктілік деңгейі бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (59,5%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.