Ұзақ өмірінің сыры – құм диетасы
Үндістанның Варанаси қаласында тұратын 78 жастағы Кушма Вати есімді кейуана құм жеуді күнделікті әдетіне айналдырған. Соған қарамастан, ол ешқашан ауырған емес. Кейуананың өзі ұзақ өмір сүруіне осы құм «диетасы» көмектесіп отырғанына сенімді.
Кушма Вати алпыс үш жасынан бастап күніне екі келіден құм жеп келе жатқан көрінеді. Бірақ, еш жері сыздап, дәрігердің алдына барып көрмеген.
«Мен құмды зиянды деп ойламаймын. Осы уақытқа дейін ішім ауырған емес. Ернім де жарылмайды, тісім де сап-сау. Тіпті тастың өзін қатырлатып шайнай аламын. Мен әлі күнге егістікте жұмыс істеймін, себебі, құмның құрамындағы минералдар маған қуат беретінін сеземін. Ұзақ өмір сүруымнін сыры да осында екеніне сенімдімін», — дейді ол.
Немерелері әжесінен құмға тәуелділіктен арылуын қанша жалынып сұрағанымен, кейуана өзінің «сүйікті асынан» бас тартуды ойға да алар емес.