В.КОСАРЕВ, Мәжіліс депутаты: Ет пен сүттi көбiне жатыпiшер жылпос делдалдар әкетедi

Жұрт болашағы жоқ 6 мыңға жуық ауылды жабу бағдарлама­сына наразы және алаң­даулы. Ғасырлар бойы сол өңірде өмір сүріп, ата-бабасы­ның кіндік қаны тамған жерде қалғысы келетіндерге жұмыс беруді, ауылды жандандыруды ешкім ойланбайды. Бар жерді игермейміз. Ауыл шаруашылығына жарамды 20 миллион гектар жер бос жатыр. Астық компаниялары монополия негізінде ішкі нарықтағы сүт сұранысының 74%-ын қамтитын шаруашылықтарды өзіндік құны 5-6 еседен асып түсетін жем-шөппен жабдықтайды. Ауылдағы сүт қалаға жеткенде 7,5 есе қымбатқа сатылады. Ауылдан ет пен сүтті көбіне жатыпішер жылпос делдалдар әкетеді. Оларды ешкім қадағаламайды, өздері салық та төлемейді.

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.