В.ОЛЕЙНИК, Мәжіліс депутаты: … бiржола шешудi талап етемiз

Қазақстанда 23 мыңнан астам лифті бар. Олардың шамамен 40 пайызы қолдануға жарамсыз. Сол үшін тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр.

Алматыдағы жағдай қиын, екі мыңға жуық жеделсаты істен шыққан. Павлодар облысында 1,5 мың, Қарағанды облысында мыңға жуық лифті қолдануға жарамсыз. Сол үшін елде жеделсатыда қаза тапқандар көп. Мәселен, Алматыда екі апта бұрын ауған соғысының ардагері лифтінің құрбаны болса, одан бұрын Ақтөбеде де 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісамат жеделсатыға жаншылып өлген. Сол үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәселені біржола шешуді талап етеміз. Әрі лифт шығаратын зауыт салуды ұсынып отырмыз.

ktk.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.