Заманауи білім берудегі тиімді бағыттар

Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту мақсатында шыққан Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының  «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасыSILKWAY Халықаралық Университеті арасында«Жаңаша білім беру: тиімді бағыттар, нәтижелі мүмкіндіктер» тақырыбында вебинар өткізілді.Вебинарға ЖОО-ның60-қа жуық педагогтері қатысты.

Қазіргі таңда білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Осы орайда жоғары оқу орындарымен бірлесе жүргізілген іс-шаралар барысында екі тараптың қызметкерлері заманауи білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі мен тапсырма дайындаудағы мұғалімнің шеберлігін шыңдаудағы тәжірибелерімен алмасты.

Жаңартылған білім беру аясында іс-тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегііс-шараға қатысқан SILKWAY Халықаралық Университетінің «Жаратылыстану-шығармашылық» факультетініңдеканы Д.М.Бутаев игі бастаманың өте маңызды екенін, алдағы уақыттарда университетпен тығыз байланыста жұмыстар атқаратындығына тоқталып, сәттілік тіледі.

Кафедраның аға оқытушысы п.ғ.к. Б.Айдарбек қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның  ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланыстылығына тоқталды.

Блум таксономиясын тиімді қолдану жайында екі тараптың қызметкерлері өзара пікіралмасып, «Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану, бағдарламадағы оқу мақсаттары мен міндеттері», «Ойлау дағдылары арқылы кәсіби деңгейді жетілдіру» және «Мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіру өз әріптестерінің кәсібін дамытуға ықпал ету» сынды баяндамалар талқыланды.

Қорыта айтқанда,ғылым мен білімге қояр талап артып, оқу жүйесі  күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер міндет еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында  жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Аталмыш міндет орындалу үшін білікті маман даярлаудағы жоспарлы жұмыстар алдағы уақыттарда да жүйелі түрде жалғасады.

 

Б.Айдарбек, Г.Мырзатаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және

Шымкент қаласы  бойынша ПҚБАИ  «Білім беру процесін

психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының тренерлері. 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.