Ж.ШАШТАЙҰЛЫ, жазушы: Адам жанын ақша арбады

Біз ұлттық құндылықтардан айырылып бара жатырмыз. Қадірлі-қасиетті дүниелерімізден қол үзіп қалдық. Мәселен, ата-ана, үлкен үй деген құрылым құрып барады. Осыдан айырылсақ, ұлт ретінде жойылуымыз мүмкін. Еуропа халықтары сияқты ұлттық құндылығымыздан айырылып қалмасақ игі еді. Бізде тағы бір жаман қасиет бар. Шалдарымыз қартайғысы келмейді, кемпірлеріміз жасарғысы келеді. Қарттыққа асығу дейтін көркем мінезден айырылдық-ау, осы. Мәңгі жас болып, өмірдің мәнін – қыз-қырқын, қызыл-жасыл дүние деп түсінетін сияқтымыз. Бұл – ниеттің бұзылуы!

Қазір кісілік туралы үлкен сөз айтатын адамдарды ешкім күтпейді. Баяғыда XIX-XX ғасырларда жұрт аузы дуалы адамдардың тоқтамын күтетін. Сөзіне қонақ беретін. Қазір сол қасиеттен айырылып қалдық. Бұқаралық мәдениет төмендеп кетті. Бұқаралық мәдениеттің жеткен жетістігі осы болса, Абай айтатын надандану дәуіріне қайтып баратынымыз айдан анық.

jasqazaq.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.