Жаңа көпір ел игілігіне берілді

Шымкент қаласының әкімдігі мен «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының бастамасымен Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілді. Аталмыш аспалы көпірдің ұзындығы 43 метр, ені 5 метрді құрайды. Ал осы көпірді жаңарту жұмыстарына демеушілік еткен аталмыш ауданның азаматы Анарметов Саиджан Дадаматовичтың есебінен жүргізілді құрылыс жұмыстары. Жеке кәсіпкер С.Анарметов жеке қаржысына аталмыш көпірді жаңадан салуға ниет білдіріп, халықтың алғысына ие болды.
Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Жаңадан салынған көпір әлеуметтік маңызы бар нысандардың ара қашықтығын жақындатуға және оқыс оқиғалардың алдын алу, халыққа сапалы қызмет көрсету, жедел жәрдем, өрт сөндіру және басқа да маңызды арнайы автокөліктердің қатынауына кедергі келтірмеу мақсатында халық игілігі үшін қолданысқа берілді. Сол себептен әрі қарай мемлекеттік сараптамадан өткізу және іске асыру мақсатында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне өткізіледі.
Айтып өтсек, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.

Гүлжайна Жартыбекова
«AMANAT» партиясы
Еңбекші аудандық филиалының
Атқарушы хатшысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.