Жас ұшқыштар Шымкенттің авиациялық базасын толықтырды

Шымкент қаласындағы авиациялық базаcы жоғары әскери оқу орындарын бітірген жас ұшқыш-түлектерімен толықты.

 

Түркия мен Ресейдің жоғары оқу орындарын, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын бітірген 20 түлек Шымкент қаласында қызметін жалғастырады.

Лауазымдарға тағайындалар алдында барлық түлектер міндетті түрде бейімделу мен сапқа қосылуға бағытталған арнайы оқу курстарынан өтеді, оның барысында олар қызметке кірісу үшін бақылау бағдарламалары бойынша – техникалық, арнайы, физикалық, тактикалық және атыс даярлығынан тестілеу тапсырады.

Жиынның бірінші күнінен бастап жас лейтенанттар Әскери-әуе күштеріне қарасты авиациялық бөлімі мен қызметтерінің күнделікті оқу-жауынгерлік даярлығына еніп кетті.

Айта кетсек, бөлім басшылығы жас офицерлерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың әйелдерін жұмысқа орналастыру және балаларын мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде орындармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды қарқынды жүргізуде.

Сонымен бірге, жиын барысында қауіпсіздік техникасы мен қызметтік іс-әрекет негіздері бойынша нұсқаулықтар, көрнекі және нұсқау-әдістемелік сабақтар жоспарланған. Сынақтарды тапсырып, әскери авиациялық техникада жұмыс істеуге рұқсат алғаннан кейін офицерлер практикалық ұшуға кіріседі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.