Жат ағым жақсылық әкелмейдi

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм мәселесі қоғамымызда аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестік әрекеттердің, деструктивті жат ағымдардың еліміздегі  конфессиялар мен ұлт өкілдеріне,  тұрақтылығымыз бен татулығымызға  да тигізер зиян-залалы орасан. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері  жастарымыздың көптеп  дінге бет бұруын  өз мақсаттарына  пайдаланған кереғар ағымдар  өскелең ұрпақ санасына өз идеоло­гиясын тықпалауға тырысып баққаны белгілі.

Жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға ұмтылуы,  ата дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дінімізді  дұрыс түсінбеуі, теологиялық білім-білігінің төмендігі еліміздің ертеңі ұшін қауіпті екендігін дер шағында бағамдаған мемлекетіміз  діни  экстремизм мен терроризмге қарсы  арнайы бағдарлама қабылдап, деструктивті ағымдардың алдын алуға бағытталған ауқымды шаралар  Шымкент қаласында да  ұдайы ұйымдастырылып келеді. Қала аумағында өтіп жатқан мұндай маңызды шараларға  біздің «Дін  мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің мамандары да белсене атсалысып, жастардың діни сауаттылығын арттырудың ең алдымен  ұлттық тарихымызды, дәстүр-салтымызды, рухани құндылықтарымызды құрмет тұтудан басталатынын  ұғындыруға тырысып келеміз.

Айталық осындай Шымкент қаласының аумағында ұйымдастырылған игі шаралардың қатарына  таяуда физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініңде өткен «Деструктивті діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері және олардан сақтану жолдары» атты кездесуді жатқызуға болады. Мектеп оқушылары арасында дін туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыруды көздейтін бұл кездесуге  біздің мекеменің дінтанушы маманы М.Халықов қатысып, әлем халқын алаңдатып отырған деструктивті ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері мен оны насихаттап-үгіттеуші  топтардың мақсат-мүддесіне, ерекшелігіне толығырақ  тоқталып өтті.

Сондай-ақ, ол бұл теріс ниетті топтардың жас буынмен өзара қарым-қатынас  кезінде әуелі барынша сыпайылық танытып, іші-бауырына еніп, өздерінің  көздегеніне жету үшін сенімдеріне кіріп алатынын, осылайша дін турасындағы теріс ақпараттарды  олардың санасына құятынын  да ашық айтып, ашына жеткізді. Шындығында еліктеушілігі басым жастардың бірқатарының «Адасқанның алды жөн, арты–соқпақ» болатындығын қаперге ілмей, өздерінің террористік әрекеттерге қалай барғандықтарын білмей жататыны да белгілі. Осындай қоғам үшін аса өзекті қадау-қадау мәселелерді слайд арқылы түсіндіріп берген дінтанушы маман  кездесу соңында оқушыларды  толғандырып жүрген сұрақтарға да  қанағаттанарлық жауаптар берді.Ал Сабыр Рахымов атындағы  республикалық  әскери мектеп-интернатында өткен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» атты  жалпы кездесуге  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің маманы Д.Баққараев қатысып,  зайырлылық таным, қоғамдағы діни ахуал жəне кереғар діни ағымдардың зардабынан сақтану жайлы мәліметтер бере келе жастарды қашанда  діни сергек болуға шақырды.

К.Рысбеков,

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы маман

  «Қазақстан жолы» газеті, №16 (691), 28.04.2018 ж.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.