Жат ағым жастарға қауіпті

Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданы Азаттық ауылдық мәдениет үйінде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі облыстың бас мешіті жанындағы «Ақылдастар алқасы» мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» бойынша Түркістан облысы халқына арнаған Үндеуін талқылау жиналысында облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Б.Жалмұрзаев, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары М.Ақтамберді өзекті мәселе өрнегіне сөз арнады. Алқалы жиынға аудандық «Қоғамдық келісім» және ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері, зиялы қауым өкілдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану пәнінің мұғалімдері, ауыл имамдары мен тұрғындары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Мичурин ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен ауылдық мәдениет үйінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың жолдары мен бағыттары бойынша кездесу өткізілді. Кездесу көпшіліктің белсенді қатысуымен мазмұнды да, әсерлі болып өтті.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданы Жанкент шағын ауданындағы Жанкент спорт кешенінде «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз!» атты ұранмен кіші футболдан мекемелер арасында аудандық турнир өткізілді. Жарысқа ауданның 10 командасы қатысты.Атап айтар болсақ: Аудан әкімдігі, Б.Садықов атындағы ЖОМ, Майтөбе ауыл округі, жұмыспен қамту орталығы, Агробизнес және саяхат колледжі, темір жол мекемесі, өрт сөндіру бөлімі, З.Ғубайдуллин атындағы ЖОМ, Түлкібас газ шаруашылығы, Жас туристер КММ. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орынды Майтөбе ауылдық округі, ІІ орынды Жас туристер КММ, ІІІ орынды Өрт сөндіру бөлімі жеңіп алып, жеңімпаздар марапатталды.

Сонымен қатар Түркістан облысы Созақ ауданына облыстық “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” МКМ-нің директоры А.Ноғаев арнайы келіп, Созақ ауданы әкімінің орынбасары А.Сатыбалдымен бірге жергілікті атқарушы орган басшылары, орталық мешіттің бас имамы, ішкі саясат бөлімінің басшысы мен дінге жауапты мамандар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ауданның белсенді азаматтары бас қосып, дін саласына қатысты мәселелерді бірлесе отырып шешу, жүйелі түрде жұмыс жүргізу бойынша жиын өткізді.

Олар Созақ өңіріндегі діни ахуалды талқылап, алдағы жоспарларды нақтылап, деструктивті діни ағымдардың алдын алу турасындағы ой-тұжырымдарын ортаға салды. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директоры А.Әуезханұлы діни ахуалға қатысты кесімді кеңестер айтып, нақты ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ орталық директоры А.Ноғаев спорт, мәдениет, өнер турасындағы қазақ ойшылдарының ұлағатты сөздерін жастар тәрбиесіне негізгі арқау ету керектігін ұсынды. Бір жағынан Созақ ауданынан орталықтың құрамына қосымша алынған дінтанушы маманын да таныс­тырып өтті. Бұл іс-шаралардың баршасы да облыс аумағында діни тұрақтылықтың сақталып, экстремизм мен діни терроризмге тосқауыл қоюға өз септігін тигізеді деп білеміз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.