ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЗАҢЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол бергендерге көрілетін жаза түрі қатаңдатылды.
2020 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, пара алу, пара беру, делдал болу әрекеттеріне түзетулер енгізген болатын.
Осыған орай, бүгін Заңнамаға енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметшілерді кең көлемде ақпараттандыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түрікстан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Икрамұлы бірқатар ұжымның қызметкерлерімен келелі кездесу өткізді.
Ең алдымен, ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен кездесіп, Заңнамадағы жаңашылдықтарды, атап айтсақ мемлекеттік қызметшілерге және оның отбасы мүшелеріне сыйлық беруге тыйым салу нормасы күшіне енгенін және сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын лауазымды тұлғалардың ауқымы кеңейтіліп, квазимемлекеттік салаға бақылау күшейтілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың өз жақын туыстарымен тікелей бағыныста бола алмайтындығын, Қылмыстық кодекске «қылмыс жасауға арандату» деген 412-1-бап енгізіліп, ол бойынша бұдан былай құқық қорғаушылар қылмысты әшкерелеу мақсатында адамды қылмыс жасауға көндіріп, арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Шара соңында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріліп, жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.