Жер ғаламшары туралы қызықты деректер
Басқа ғаламшарларға қарағанда, жалғыз Жерге ғана Рим құдайларының аты берілмеген. Тек Жердің ғана әр елде өз атауы бар.
- Жердің тығыздығы басқалардан жоғары (5,515 г/см3).
- Жердің тартылыс күші мен магниттік өрісі осы топтағы өзге ғаламшарлардан әлдеқайда күшті.
- Жер бетінің 70%-ын алып жатқан теңіздердің орташа тереңдігі 4 шақырымды құрайды.
- Тынық мұхиттың көлемі Жер бетіндегі құрғақ жерлердің жалпы аумағынан үлкен.
- Құрлықтар жер қабатының ұдайы қозғалуынан пайда болған. Ең алғаш жер бетінде жалғыз құрлық болған, ол Пангея деп аталған.
- 2006 жылы Антарктида үлкен озон тесігі табылған.
- Жердің ең дұрыс топографиялық картасы тек 2009 жылы ғана жасалған.
- Эверест тауы ғаламшардың ең жоғары нүктесі саналады.
- Жердің жалғыз серігі – Ай.
- Күннің сәулесі Жерге жеткенше 500 секунд өтеді.
- Шөлді аймақтар Жер бетінің үштен бір бөлігін алып жатыр.
- Жер бетінде ағаштар өсіп шыққанға дейін алып саңырауқұлақтар болған.
- Жер ядросының температурасы Күннің температурасымен бірдей.
- Найғазай оты Жерді секундына шамамен 100 рет соғады, яғни күніне – 8,6 млн. рет.
- Б.э.д. 500 жылы Пифагордың жасаған болжамынан кейін адамдардың ешқайсысы Жердің пішіні басқаша болуы мүмкін деп ойламайды да.
- Тек Жерде ғана су үш күйде – қатты, газды, сұйық бола алады.
- Шын мәнінде тәулік 23 сағат, 56 минут, 4 секундтан тұрады.
- Қытайдағы ауаның былғалғаны соншалық, оны тіпті ғарыштан да көруге болады.
- 1957 жылы алғашқы жерсерік ұшырылғаннан бастап бүгінге дейін 38 мың жасанды нысандар ғарыш кеңістігіне жіберілген.
- Күн сайын атмосфераға 100 тоннаға жуық кішігірім метеориттер бөлініп шығады.
- Жер атмосферасының бір текше метрінің құны 6,9 квадриллион доллар тұрады.