ЖЕТІСАЙДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының мәжіліс залында үкіметтік емес ұйым өкілдері және партия белсенділерінің қатысуымен жиын өтті. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен жиында көпбалалы аналардың қазіргі таңдағы жағдайлары талқыланды.
«Nur Otan» партиясының Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Асауов көпбалалы аналарға қолдау көрсету әрдайым мемлекеттің негізгі міндеті болуы тиіс екенін атап өтті. Аналар қауымының ұсыныс-тілектерін, проблемаларын тыңдады.
Жетісайдағы іскер әйелдер қоғамдық ұйымының төрайымы Н. Байтанаева мен аудандық әжелер кеңесі төрайымының орындасары К.Сламбекова да көкейдегі ойларын ортаға салды. Ана мен баланың денсаулығын қорғау, оларға әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі пікірлерін айтты.
«Көпбалалы аналар, жалпы әйелдер қауымы үйде отырып қалмауы тиіс. Оларға түрлі бизнес сабақтарын өткізіп, үйде отырып ақша табу, кәсіппен айналысу жолдарын үйрету керек», – дейді аналар ұйымының өкілдері.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.