Жұлдыз-жорамал (26.11 — 02.12. 2018 ж.)
Тоқты
Cіз қатты шаршап жүрсіз, сондықтан тек ең маңызды істерді ғана орындаңыз. Сәрсенбі күнгі келіссөз жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Көптен көрінбей жүрген жақын адамыңызды іздеп табыңыз.
Торпақ
Өміріңіз іш пыстырарлықтай сүреңсіз болып кетсе, өзіңізді өзгертуге батыл кірісіңіз. Өзіңізге көптен ғашық адамның сезімінен бас тартпаңыз. Сізге ең керегі – спорт. Емдәмді де ұмытпаңыз. Сенбі күні іздегеніңізді табасыз.
Егіздер
Мансап жолы көбірек қызықтыра бастайды. Бірақ, мақсатқа жету үшін ереже бұзуға болмайды. Алаяқтық жақсылыққа апармайды. Кездейсоқ таныстықтан үлкен сезім күтпеңіз. Материалдық жағдайыңызды әркімге айта бермеңіз.
Шаян
Жұмыс орныңызды ауыстыруыңыз мүмкін. Отбасылық өміріңіз тығырыққа тіреледі. Материалдық жағдайыңыз дұрысталмай, қарым-қатынасыңыз реттеле қоймайды. Жалғызбастыларды жұма күні керемет кездесу күтіп тұр.
Арыстан
Баспана мәселесіне қатысты әлдебір қиындық бар. Оны шешу біраз уақытты алады. Күйзеліс салдарынан кездесулерден қашқақтап, тұйықталып кетесіз. Достарыңызбен бас қосып, көңіл көтеріңіз. Сізге қазір керегі тек осы ғана.
Бикеш
Романтикалық сезімнің тұңғиығына бататын сәт келді. Ақыры өзіңізге лайық адамды кездестіресіз. Тек ақымақтық жасап қоймаңыз. Қосымша табыс көзін табасыз. Бұл көптен бері армандап жүрген саяхатқа шығуға мүмкіндік береді.
Таразы
Күтпеген жерден жаңа бір іске қызығушылық танытасыз. Бұл бүкіл өміріңізді күрт өзгертуі мүмкін. Жалақы аздап кешігуі ықтимал, бұл жаңа табыс көзін табуға итермелейді. Сүйіктіңізбен оңаша қалып, демалғаныңыз дұрыс.
Сарышаян
Көптен кейінге ысырып келген маңызды істі бастайтын кез келді. Сәрсенбі күні баспана мәселесі шешіледі. Бейсенбі күнә\і әлдебір тығырықтан жол табасыз. Сүйіктіңіз тым талапшыл болса, қарым-қатынасты тоқтатқан жөн.
Мерген
Отбасында үлкен дау-дамай болуы мүмкін. Бұл түбегейлі өзгеріс әкелетін шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Жұмыс орнын да ауыстыруыңыз ғажап емес. Мүмкін болса, үйден тыс жерде біраз уақыт демалып келгеніңіз дұрыс.
Тауешкі
Сіз өзгеріске дайынсыз, бірақ сол өзгерісті күту сізді титықтатып жіберді. Бейсенбі күнге ешқандай кездесу белгілемеңіз. Апта аяғында жаңа жұмыс орны туралы жақсы хабар келеді. Демалыста үйден шықпауға кеңес береміз.
Суқұйғыш
Сізді әлдекімнің алдындағы міндеттілік сезімі қинап жүр. Бірақ, жаныңыз мүлде басқа нәрсені қалайды. Асықпаңыз, жақында бәрі реттеледі. Жұмыста жақсы нәтижелер күтіп тұр. Демалыста қалаған нәрсеңізге қол жеткізесіз.
Балық
Үнемі әлдеқайда асығып, асып-сасып жүруді қойыңыз. Бұл қатты қажытып, денсаулығыңызға зиян келтіреді. Сезімге ерік беріп, өзіңіз үшін өмір сүріп көріңіз. Таныстық жаңа басталса, кездесу белгілеуге асықпағаныңыз дұрыс.