Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, жазушы: … өз ұлтымызға да қол салды
Қазір баласыздықтың өзі трагедияға айналмай барады. Негізі, бұл өте қауіпті құбылыс. Орны толмас қасіреттерді сезінбеудің ақыры жалғыз қалуға, көндіккіш мінездің белең алуы – өзімшілдікке апармай тынбайды. Кітап оқымау, ұлттық дәстүрді сақтамау жақыныңа жаны ашымайтын қатыгездіктің қатарын өсіріп қана қоймай, халықтан алыстаудың өзі. Қазақтың шешендік әрі тәрбиелік сөздеріне үйір болмаудың соңы ұлтшылдықтан алыстатады. Егер мұны ары қарай бетімен жібере беретін болсақ, Еуропадан еш айырмашылығымыз болмай қалады. Осы күні мұндай жатбауырлық тек отбасымызға ғана емес, өз ұлтымызға да қол салды.
«П»