Жұмысқа орналастырамын деп, ақша алған азамат ұсталды

2021 жылдың 6-мамырында Шымкент қаласы Полиция департаментінің 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Онда  бейтаныс азамат оның сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беремін деп, алаяқтық жолмен 400.000 теңге ақшасын алдап алып кеткенін жазып көрсеткен.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.