Жұмысқа орналастырамын деп, ақшасын қайтармай қойған алаяқ анықталды

2021 жылдың 24-мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға ауруханаға «Фельдшер» лауазымына жұмысқа орналастырып беремін деп 1.450.000 теңгесін алып, сонымен қатар 1.400.000 теңге несиесін үстемақысыз пайызсыз жауып беремін деп, сеніміне кіріп 1.320.000 теңгесін алып әлі күнге дейін өзінің берген уәдесін орындамай қашып жүргенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.