…ЖҰРТҚА ЖОМАРТ КӨРІНГІСІ КЕЛЕДІ-АҚ

Дина ЕЛГЕЗЕК, журналист:   

Тесік шұлықпен жүргеніне қарамай, біздікілер жұртқа жомарт көрінгісі келеді-ақ.
Ішкі бюджетті жабамыз, инфрақұрылымды дамытамыз, жаңа жұмыс орнын ашамыз, әлеуметтік жағдайы нашар тұрындарға қолдау көрсетеміз деген мақсатпен биыл Азия даму банкінен 1 млрд доллар қарыз алып отырғанымызбен шаруамыз жоқ, ал Қырғызстанға паңқып 100 млн доллар әлеуметтік көмек жасаймыз.
Елімізде 65 мың мүгедек балапандарымыз бар, соның көбісі көмекке зәру. Ал анау сәнқой бикеш «Сириялық балаларға көмек» атты шара ұйымдастыруда… Бұл бастамаға «барлық сәби бір ғой» деп кеңдік таныталық, жарайды, ал енді келесі ақпарға миым жетпей қойды…
Отандық банктер биліктен қол жайып көмек сұрап отыр, ал отандық экономикаға жауапты пысықайлар 250 млн доллар зейнетақы қорындағы қаржымызды Әзербайжандық құрдымға батқан жекеменшік банкты қорғауға салып жіберіпті…Осылардың есі дұрыс па өзі? Әлде, махинацияның бір түрі ме?

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.