ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОҚО-ҒА КЕЛГЕН ТУРИСТЕР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ЖУЫҚ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады.Картинки по запросу туристы в туркестане

Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи орындары қызықтырып, олар көбінесе Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралап жүр. Шетелдік меймандардың біразы Оңтүстікке «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келіп жатыр. Бүгінге дейін шара шеңберінде күнгейге де келіп-кетуді ұйғарған туристердің ішінде Қытай, Үндістан және Сингапур елінің азаматтары да бар. Өңірдегі тарихи орындар, сәулеттік құрылымдар мен ескерткіштерді тамашалау үшін шетелдік қонақтар бірнеше күн жүрген.

Картинки по запросу ақмешіт үңгірі

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздың барлық аудан, қалаларында 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттар жұмыс істейді. Олардың аясында тарихи-мәдени және табиғи 84 нысанды аралауға болады. Туристік бағыттарға қосылған негізгі нысандар Отырар қалашығы, Арыстан баб кесесені, Сауран қалашығы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Әзірет Сұлтан кешені, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық-табиғи паркі мен Ақмешіт үңгірі және т.б. орындар.Картинки по запросу сайрам өгем

Туристік бағыттардың ішінде Отырар ауданындағы туристерді қызықтыратын этноауыл да бар. Қазақ ауылының аумағында көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысын барынша шынайы қалпында көріп, сезінуге болады. Жылқы мен түйеге мініп, әсем табиғатта серуендеуге, кең даланың таза ауасынан жұтып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуға болады.Картинки по запросу туристы в отыраре

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.