Шардарада тиянақты тiрлiк бар

Облыс әкімі Шардара ауданына іссапары барысында Жаушықұм ауылдық округіндегі бақша өнімдерін өсіретін «Тұрар» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты. Қожалық қарбыз, қырыққабат пен қызылша, пияз секілді дақылдарды Жапония мен Швейцария, сондай-ақ Түркиядан сатып алынған заманауи технологияларды пайдалана отырып, тамшылатып суару әдісімен өсіреді. Өнімнің сапалы болатыны да, екі рет өнім алатыны да содан. Қожалықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі алдағы уақытта да әр ауылда осы екі кезеңді егіс жинауды жаппай қолға алуды тапсырды.
Жалпы қожалықтың 286 гектар жері бар. 20 адам еңбек етуде. Олардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңге шамасында. Алдағы уа­қыт­та, «Тұрар» шаруа қожалығына 14,3 млрд. теңге қаражат қарасты­рылып, 12500 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Қажетті қаржы Еуропа қайта құру және даму банкі тарапынан берілетін болады.
Ал өз сөзінде облыс әкімі: «Тапсырманың тия­нақты орындалғанын кө­ріп тұрмын. Бірақ бұл тек бір ғана шаруа қожалы­ғының атқарған ісі. Өнім­нің сапасы да көзге көрініп тұр. Үйреніп, одан әрі дамыта түсу керек», — деген болатын.
Сондай-ақ, өңір бас­шысы Шардара қа-ласындағы «Шардара» №18 ГЖС-дан тартылатын жо­­ға­ры қысымды газ құбы­­рын және «Өтеғұл» ықша­м­ауданында орам­іші­лік орта қысымды газ құбырын салу жұмыстарымен де танысып, қалалық бас су торабына да атбасын бұрды. Ке­ңестік кезеңде іске қо­сылған су торабы бүгінде 5990 тұрғын үйге, 5457 тұтынушыға қызмет көрсетіп келеді.
Облыс басшысы соны­мен қатар «Шардара Армспорт» спорт клубына барып, әлемдік додаларда жүлде алып жүрген спортшылармен жүздесті. Әлем чемпиондары ал­лея­сының және таэк­вондо, каратэ, жеңіл ат­летика залдарының ашы­­лу салтанатына қа-тысып, алғашқы ағашты отырғызды. Сонымен қа­тар
Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған бала­­­лар-жасөспірімдер спорт мектебінің дирек­торы, «Шардара Армспорт» спорт клубының негізін қалаған А.Қарсы­баевпен кездесіп, спорт клубына микроавтобус тар­ту етті.
Облыс әкімі бұдан бөлек «Тұрғын үй қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында атқарылып жат­қан Шардара қаласын­дағы көпқабатты үйлер­дің күрделі жөндеу жұмыстарын да аралап көр­ді. Қазіргі таңда 180 тұрғыны бар баспананың күрделі жөндеу жұмыс­тарын бас мердігер «Мо­нолит Строй XXI» компаниясы жүргізуде. Жо­балық құны – 24 756 млн. теңгені құрайтын құ­рылыс жұмыстары үш ай көлемінде бітеді. Бұл ретте өңір басшысы қа-ла­­да­ғы көпқабатты үй­лердің тұрғындарына ен­дігі кезекте мемлекеттік кондоминиумдық ныса­нын тіркеп, құрылыс ком­панияларымен келісім­шартқа отыру керектігін айта келе аталған үй­лердің сыртқы келбетін де әрлеуге кірісу керектігін жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.