Аманжол ӘЛТАЙ, ақын: … қабілетті жастар баршылық

Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында құрылған “Каз-Агро”, ”Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” секілді құрылымдардың жұмыс істеу механизмінде кемшіліктер бастан асады. Мысалы, ауыл шаруашылығы техникаларының бағалары зауыттан шаруа қожалығына жеткенше екі есеге қымбаттап кететіні мүлде ақылға қонбайды. Бұл ауыл еңбеккерлерін қолдау емес, қанау болып табылады.

Шағын шаруа қожалық иелеріне жеңілдетілген кредит алу да дүниенің қияметі. Егер өкімет осы мәселелерге оң көзқараспен қарап, қолдау көрсетер болса, ауылда қалып нақты іспен айналысқысы келетін қабілетті жастар баршылық.

Бізде ауыл шаруашылығына бөлінген қаражаттардың барлығының пайдасын алпауыт “Агро-Холдингтер” ғана көріп отыр. Ал, олардың арғы жағындағы жасырын қожайындары Кулагин, Божко, т.б.ірі шенеуніктер екені айтпаса да түсінікті.

Парламент төріндегі дәрменсіз депутаттар мен сенаторлардың ауыл шаруашылығына берілетін кредиттерге шүйлігуі ауылға деген жанашырлықтың тым төмен деңгейде екенін көрсетеді.

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.