К.НАДЫРОВ, денсаулық сақтау вице-министрі: Екпе салу керек пе, жоқ па?

Екпенің кері әсері де болуы мүмкін. Оны жоққа шығармаймын. Біз жыл сайын халықаралық сарапшылардың эпидемиялық ауруларға қарсы сараптамасын бақылаймыз. Қауіпті дертке қарағанда тұмаумен ауырған адамдар өмірмен жиі қоштасады. Сондықтан екпемен тұрғындардың басым бөлігін қамтамасыз ету – басты назарда. Бұл – халықаралық тәжірибе. Біз шетелде елімізде екпеден бас тартатындар көп екенін айтсақ, әріптестеріміз таң қалады. Өйткені олар бұл мәселені әлдеқашан шешкен. Екпе салу керек пе, жоқ па? Бұл жерде берер жалғыз жауабымыз – екпе салу керек!

«ЖҚ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.