Шығыс жұлдызнамасы: ҚОЙ ЖЫЛЫ

Ит жылы Қой белгісіндегілер үшін өте-мөте табысты жыл болғалы тұр. Жыл бойы махаббаттың буына мас болып жүретін олар ешқандай қиындық пен кедергіні байқамайды, байқаса да оңай еңсереді. Осы себептен өткен жылы мазаңызды алған аурулар да ізім-ғайым жоғалады. Ғашықтық отын жаңа танысыңыз жағуы мүмкін, немесе әлдеқашан сөнген ескі сезіміңіз қайта тұтануы да ғажап емес.

Жыл басында болашағы зор жұмыс жобасы қолыңызға түседі. Сол жобадан айырылмаңыз, сонда табыс та көп күттірмейді. Айтарлықтай қомақты ақшаны көктемнің басында-ақ аласыз. Бірақ, жазда жағдайыңыз біраз қиындауы мүмкін, сондықтан ақшаны үнемдеп жұмсаңыз. Достарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз, себебі табысы жоғары жұмысты дәл сол достарыңыз ұсынуы мүмкін.

Күз айлары – жеке кәсібіңізді жолға қоюға таптырмас кезең. Бұл жерде де достарыңыздың көмегіне сүйенуіңізге болады, барлық қаржылық қажеттілікті солар шешеді.

Ал желтоқсан айында еңбегіңіздің жемісін татып, жақындарыңызға да, өзіңізге де сыйлық жасау үшін қомақты қаражат жұмсауға мүмкіндігіңіз болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.