Е.Айғалиұлы, қаламгер:   ..алдымен мына жемқорлық  деген зұлматтан  құтылу керек

Мемлекеттің ауылға деген қамқорлығы ұшан-теңіз. Қаншама миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр. Қаншама бағдарламалар бар. Елбасымыздың бастамасымен ауылға үш жыл арнайы бөлінді. Осы жылдардағы бөлінген ақшамен әрбір ауылды алтынмен аптап, күміспен күптеуге болар еді. Өкінішке қарай, осы мол қаржы асағанның аузында, тістегеннің тісінде кетті.

Бұл-араны кең, түпсіз терең жемқорлық! Біздің еліміздегі дендеген бұл зұлым күшке билік қаншама тосқауыл боламын десе де, шамасы жетпей отыр. Тым тереңге кеткен.

Шетелдердегідей шағын- шағын агро-кешендерді, ауылдарды жасақтау керек болар. Бірақ қалай болғанда да алдымен мына жемқорлық деген зұлматтан құтылу керек. Онсыз ештеңе болмайды. Ештеңе!

                                                                                                                                                             elana.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.