А.Перуашев, Мәжіліс депутаты:  …ақшаны жан-жақтан  іздеп  сабылады.

Тұрғындарды алдын ала су тасқынынан сақтандыру керек. Сақтандыру тетіктері бар. Біз неліктен осы сақтандыру саласын дамыта алмаймыз? Қарапайым халыққа керек нәрсе осы. Әсіресе, төтенше жағдайда сақтандыру саласына еш назар аудармайды. Сақтандыру компаниялары өз алдымен жүгіріп жүр.

Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тұрғын үйді сақтандыру нарығын дамытуы тиіс. Ол үшін шенеуніктер бірінші адамдарға алдын ала қамдануды, өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауды үйретуі қажет. Әркім төтенше жағдай бола қалса деген қауіппен жеке баспанасын, өзге де дүние-мүлкін күні бұрын сақтандыруы керек. Сақтандыру нарығын дамытуға Ұлттық банк жауапты. Ал біздің атқамінерлер елдімекендерді су басқанда ғана ақша жан-жақтан іздеп сабылады.

sn.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.