ҚАЗАҚСТАНДА 27 ЖАҢА ӨНДІРІС ЖӘНЕ 1500 МЫҢНАН АСА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Қазақстанда 2020-2021 жж. елімізде оларға ұқсастары жоқ 27 жаңа өндіріс құрылады. «Самұрық-Қазына» Қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматы – оффтейк-шарттар шеңберінде жобаларға қолдау көрсетіп отыр.

Еске сала кетелік, оффтейк-шарттар 2018 жылы ендірілген және жаңа өндіріс шеңберінде шығару жоспарланған өнімдерге кәсіпкерлердің кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырысты алдын ала алуларына мүмкіндік береді. Басты шарт Қазақстан Республикасында ұқсас өндірістердің жоқтығы болып табылады.

«Жасалған оффтейк-шарттардың жалпы сомасы 2018 жылдан бастап қазіргі уақыт бойынша 9,2 млрд. теңге құрайды. 2018-2019 жж. ішіндегі инвестициялардың жалпы көлемі 215 млрд. теңге құрады. Жаңа өндірістер 2020-2021 жж. 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Талдау және маркетинг департаментінің директоры Ербол Беков.

Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпкерлер вагон баяулатқыштар, көп функциялы техникалық құралдар кешендерін, сонымен қатар мұнайды және басқа сұйық орталарды айдауға арналған сорғы жабдықтарын өндіретін болады. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахманов қазіргі уақытта импортты алмастыру бағдарламасының шеңберінде техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру кезінде ұлттық стандарттарды міндетті түрде пайдалану ендіріліп жатқандығын атап өтті.

Бұдан басқа, сатып алу шарттары бойынша төлем жасаудың мерзімдері 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды және импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту бойынша орталық жобалау кеңсесі құрылды, оған Қордың, еншілес компаниялардың, «Атамекен» ҰКП, салалық қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының сарапшылары енді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.