02.10.17 — 09.10.17 арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты

Еңбекқор Тоқтылар үшін сәтті кезең. Ірі қаржылық операциялар мол табыс әкеледі. Өткеніңізде қалған бір адам өміріңізге қайта оралып, сүйіктіңізбен араңызға түсуі мүмкін. Мүмкіндігінше сабырлы болуға тырысқаныңыз жөн.

 

Картинки по запросу знак зодиака весыТорпақ

Рухыңыз жасып, күйзеліске түссеңіз, қамықпаңыз, бұл таң алдындағы қою қараңғылық болуы мүмкін. Алдымен ойыңызды, сосын барып жұмыс үстелін ретке келтіріңіз. Иммунитетіңізді нығайтыңыз, тұмауратып қалу қаупі бар.

 

Картинки по запросу знак зодиака близнецыЕгіздер

Әлдебір іскерлік ұсыныс сіздің бар талантыңызды ашуға көмектеседі. Қандай ауыр жүк болса да көтеруге сіздің шамаңыз жетеді. Апта аяғында жеке өміріңіз жақсы жағына өзгереді. Романтикалық кездесуге дайын болыңыз.

 

Похожее изображениеШаян

Кез-келген мәселеде ішкі түйсігіңізге сенім артыңыз. Жылы киініп жүріңіз, суықтап қалуыңыз мүмкін. Отбасында ақшаға қатысты дау-дамай туындауы ықтимал. Демалыс күндері достармен көңіл көтеріңіз не театрға барыңыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака левАрыстан

Демалысыңыз аяқталды, енді жұмысқа шындап кірісетін уақыт келді. Бірақ, маңызды құжаттарға қол қоймаңыз. Адамдармен көбірек араласу арқылы көп қиындықтан құтыла аласыз. Үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады.

 

Картинки по запросу знак зодиака деваБикеш

Жұмыс туралы ойлардан аз да болса құтылу үшін кешкісін отбасымен уақыт өткізуге тырысыңыз. Апта басында қызметте көтерілу мүмкіндігі бар, немесе жалақыңыз жоғарылайды. Көңіл білдірушілер көп, бірақ тек бірін таңдаңыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака весыТаразы

Бұл аптада қатаң емдәм ұстағаныңыз дұрыс, дәмді астың бәрі денсаулыққа пайдалы емес. Егер күйзеліске түсіп, өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, дереу сырт келбетіңізді өзгертіңіз. Демалыс күндері сүйіктіңізбен әсерлі кездесу күтуде.

 

Похожее изображениеСарышаян

Жұмысқа, не жеке өміріңізге қатысты болсын, қанша сабырыңыз таусылып бара жатса да, өзіңіз бірінші болып қоңырау шалмаңыз. Одан да ойыңызды реттеп, біраз демалыңыз. Тұмауратқан адамдарға жақындамағаныңыз абзал.

 

Картинки по запросу знак зодиака стрелецМерген

Қаржылық қиындықтар біраз әбігерге салуы мүмкін. Қанша қиналсаңыз да, жақындарыңыздың көңіліне кірбің салмаңыз. Жақында сізге көмектесетін адамдар табылады. Күмәнді істер мен құмар ойындардан аулақ болыңыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака козерогТауешкі

Күтпеген жерден өміріңіз күрт өзгеруі мүмкін. Әрине, жақсы жағына қарай. Егер әлі жалғыз болсаңыз, жүрегіңіздің жартысын кездестіруге дайындала беріңіз. Жұмыста қысым көрсеңіз, төзіп жүре бермей, орын ауыстырыңыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака водолейСуқұйғыш

Отбасы мәселесі алдыңғы орынға шығады. Жақындарыңыз үшін ақшаңызды да, уақытыңызды да құрбан етуге тура келеді. Дегенмен, жұмыста бір жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Жақын күндері еңбегіңіздің жемісін татарыңыз анық.

 

Картинки по запросу знак зодиака рыбыБалық

Күнделікті күйбең тірліктен бір сәт тынығып, жан қалуына да мән беріңіз. Достармен, туыстармен араласып, көңіл көтеріңіз, қалаған затыңызды сатып алыңыз. Бірақ, бұл аптада ешкімнен қарыз алмауға тырысқаныңыз дұрыс.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.