13 саны туралы қызықты деректер

* Еуропалық мәдениетте 13 бақытсыз сан болып есептеледі, сондықтан кейбір ғимараттарда 12-шіден кейінгі қабат бірден 14-ші қабат немесе 13-тің орнына 12А, болмаса «12+1″ қабат деп аталады.
* Италияның опера театрында 13 санды орын жоқ. Кемелер мен ұшақтарда да көбіне 12-ші орын не қатардан кейін 14 саны жазылады.
* 13 санынан қорқу сезімін «трискаидекафобия» деп атайды. Ал еуропалықтардың ескі аңыздарына сәйкес, 13 санына тура келген жұма күнінен қорқу «параскаведекатриафобия» немесе «фриггатрискаидекафобия» деп аталады.
* Кейбір компаниялар өз өнімдерін шығару кезінде 12-шіден кейінгі нұсқасын «2013» түрінде немесе басқаша белгілейді.
* Еуропалықтарда бір үстелдің басына 13 адам жиналса, соның ішінде біреуі бір жыл ішінде ажал құшады деген сенім бар. Осы сеніммен күресу үшін АҚШ-та «Он үш клубы» құрылған.
* Көлік жарыстарында да ешқашан 13 саны қолданылмайды.
* Ал майя үндістері 13 санын сәттілік әкеледі деп есептейді.
* Ең алғаш АҚШ-тың құрамында 13 штат болған.
* Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде орыс армиясындағы «13-ші әскер» «Айрықша бөлім» деп аталған.
* Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік теңіз әскері үшін 13 сәттілік әкелетін сан болған.
* «Аполлон-13″ ғарыш кемесі 1970 жылы 11 сәуірде 13 сағат 13 минутта ғарышқа ұшқан. Бірақ, 13 сәуірде апатқа ұшырап, негізгі мақсаты – Айға жете алмаған.
* Ұлы Отан соғысы кезіндегі реактивті артиллерияның әйгілі «Катюша» әскери машинасы ресми түрде «БМ-13″ деп аталған.
* Ресейдің әскери авиациясында борттық нөмірі 13-пен белгіленген ұшақтар да, осы санды иеленген ұшқыштар да жоқ.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.