16.10.-22.10.17 арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты
Бизнесте жақсы серіктестер табасыз. Жеке өміріңізде де жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Дау-дамайдан аулақ болыңыз. Алыс сапарға шықпаңыз, үйде демалыңыз. Табанды еңбектің арқасында күтпеген табыстарға қол жеткізесіз.

 

Торпақ
Арманыңызды іске асыруға асығыңыз, бұл – өте сәтті кезең.Ұзақ мерзімге жоспар құрыңыз, міндетті түрде орындалады. Айналаңыздағы адамдар өзгеріп, өміріңізге жаңа леп кіреді. Ұмытылмас әсерлерге дайын болыңыз.
 
Егіздер
Жүрегіңізде жылт еткен ыстық сезім бар қиындықты ұмыттырып, жаныңыға нұр сыйлайды. Жұмыс орнын ауыстыруыңыз мүмкін. Денсаулығыңызды күткеніңіз жөн. Асығыс шешім қабылдамаңыз, алаяқтарға алдану қаупі бар.
 
Шаян
Отбасында не жан досыңызбен араңызда салқындық орнауы мүмкін. Оған ең жақын адамдарыңыздың сатқындығы себеп болмақ. Түйсігіңізге сенім артыңыз, ол сізге дұрыс жолды көрсетеді. Сіз кез-келген қиындықты жеңесіз.
 
Арыстан
Шығармашылық, спорт, іссапар, бизнес мәселесінде жолыңыз болады. Серіктестеріңіз күтпеген тосынсый жасауы мүмкін. Қомақты қаржыландыру күтуіңізге болады. Керемет романтикалық кездесуге дайындала беріңіз.
 
Бикеш
Еңбекқор, табанды Бикештер табыс шыңынан көрінетін кез келді. Жер телімін не үй сатып алу мүмкіндігі бар. Отбасына жаңа адам келіп қосылуы да ғажап емес. Көптеген кездесулер мен көңілді басқсосуларға толы кезең.

 

Похожее изображениеТаразы
Денсаулығыңыз мәз емес, өзіңізге тым көп жүк арта бермеңіз. Көп өтпей сізде таңдау мүмкіндігі туады. Қаражат мәселесі де реттеліп, армандаған жеке ісіңізді бастайсыз және тек өзіңіз қалағандай өмір сүретін боласыз.

 

   Похожее изображение Сарышаян
Жеке мәселелеріңізді шешу біраз уақытыңыз бен күшіңізді алады. Қосымша табыс біраз тер төгуді қажет етеді. Алайда алаяқтықтан аулақ болыңыз. Жаңа үйге көшуіңіз мүмкін. Өміріңізде түбегейлі өзгеріс жасауға әзірге асықпаңыз.

 

 Картинки по запросу знак зодиака стрелецМерген

Бұл кезеңде сізді бірнеше қуанышты оқиға күтіп тұр. Мансап сатысымен жоғары өрлеуге мүмкіндік туады.Мұның бәрі сіздің өз күшіңіз бен сәттілікке деген сеніміңізді қайтарады. Тек ешқашан табандылығыңыздан таймаңыз.

 

Картинки по запросу знак зодиака козерогТауешкі
Көптен мазалап жүрген қиындықтардан құтыласыз. Мәселен, ескі қарызды қайтаруға мүмкіндік туады. Бар жақсылықты айналысып отырған ісіңізден көресіз. Достарыңыз не әлдебір ықпалды адамдардан күтпеген көмек келеді.
 
Картинки по запросу знак зодиака водолейСуқұйғыш
Іскерлік салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізесіз. Қажетті қаражат қажет кезінде қолыңызға түседі. Алайда құмар ойындарға жолаушы болмаңыз. Өміріңізде сіз мүлде күтпеген ғажайып өзгеріс орын алуы мүмкін.
 
Картинки по запросу знак зодиака рыбыБалық
Жеке өміріңізде бәрі сіз ойлағаннан да керемет болмақ. Әлдене алаңдатып жүрсе, саяхатқа шығып, сергіп қайтыңыз. Алайда егер демалыс уақытында тығыз шаруалар шығып қалса, мұны табысқа апарар ең төте жол деп біліңіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.