17.07.17-23.07.17 арналған жұлдыз-жорамал

Похожее изображениеТоқты

Үлкен өзгерістерге орын берер уақыт келді. Егер көңіліңізден шығатын жаңа іс бастау мүмкіндігі туса, құр жібермеңіз. Ескі кесел қайта асқынуы мүмкін, дәрігерге қаралыңыз. Ата-анаңызды ұмытпай, жиі хабарын алып тұрыңыз.

Картинки по запросу знак зодиака весыТорпақ

Қаржылық жағдайыңызды жақсартуға мүмкіндік туады, тек көп жұмыс істеу керек. Қызметте өсуіңіз де мүмкін. Денсаулықты назардан тыс қалдырмаңыз, табысыңыз соған байланысты. Үй жөндеу жұмыстарына кірісуіңізге болады.

Картинки по запросу знак зодиака близнецыЕгіздер

Қанша көп жұмыс істесеңіз де, қаржылық жағдайыңыз басқа адамдарға тәуелді болмақ. Таныстарыңыздан әлдебір көмек келуі мүмкін. Жұмысты қоя тұрып, балаларға  қарауға тура келеді. Бір сәт көңіл көтеру артық болмайды.

Похожее изображениеШаян

Көпжылдық еңбегіңіз бен тәжірибеңіздің арқасында табысыңыз арта түседі. Бірақ ақша мәселесіне басқаларды араластырмаңыз. Көптеген мерекелік іс-шаралар күтіп тұр. Ең бастысы, ешкімнің көңілін қалдырмауға тырысыңыз.

Картинки по запросу знак зодиака левАрыстан

Денсаулығыңызға төнген қауіпті жеңіп шығасыз. Бәрі дұрыс тамақтанбаудың кесірі екенін ұмытпаңыз. Ал күйзеліске ұшырасаңыз – бұл қатты шаршаудың салдары. Сондықтан, бәрін тастап, бірден шипажайға не саяхатқа аттаныңыз.

Картинки по запросу знак зодиака дева
Бикеш

Созылмалы дертіңіз қайта мазаламаса, басқа қиындықтар бола қоймайды. Техникамен жұмыс істегенде, көлік айдағанда абай болыңыз. Апта аяғында жағымды жаңалық күтіңіз. Күйзеліс тудыратын жағдайларға жоламаңыз.

Картинки по запросу знак зодиака весыТаразы

Жұмыста қатты шаршап, жүйкеңіз сыр беруі ықтимал. Бірақ, шаршадым деп жатып алу да зиян. Мүмкіндігінше көп қимылдаңыз. Ал жеке өміріңіз үлкен бақытқа толмақ. Бірақ, бұл туралы ешкімге айтпаңыз, көз тиіп кетуі мүмкін!

Похожее изображениеСарышаян

Күш-қуатыңыз сарқылып, белсенділігіңіз төмендейтін кезең. Қатты шаршау созылмалы дерттерге алып келуі мүмкін. Арнайы емдәм ұстағаныңыз жөн. Ал жұмыста жалқаулығыңызды жеңе алсаңыз, үлкен жетістіктер күтіп тұр.

 

Картинки по запросу знак зодиака стрелецМерген

Ештеңе мазаламаса да денсаулығыңызды бір тексертіп алғаныңыз дұрыс. Ең бастысы, ешкіммен дауласпай, көңілді жүрсеңіз, бар қиындық тез шешіледі. Бұл аптада сізді басқа жұмысқа шақыруы мүмкін. Отбасымен ақылдасыңыз.

Картинки по запросу знак зодиака козерогТауешкі

Құрылыс, жөндеу не жиһаз сатып алу ниетіңіз болса, бәрі сәтті орындалады. Қаржы мәселесінде сізге көмектескісі келетіндер көп, бірақ оңай жолдарын іздемей, бәрін өзіңіз шешкеніңіз жөн. «Судың да сұрауы барын» ұмытпаңыз.


Картинки по запросу знак зодиака водолей    Суқұйғыш

Күтпеген кездесулер, іссапарлар мен жаңа таныстықтарға толы апта. Жолда абай болыңыз. Және күмәнді келісімдерден де бас тартыңыз. Сүйгеніңіздің сізден бір жасырғаны болуы мүмкін. Демалысты қаладан тыс жерде өткізіңіз.

 

Картинки по запросу знак зодиака рыбыБалық

Қосымша табыс көзін табуыңыз немесе негізгі жұмысыңыздан жақсы пайда көруіңіз мүмкін. Немесе сырттан қаржылай көмек аласыз. Отбасында әлдебір түсініспеушілік тууы ықтимал. Үй-жайыңызды мықтырақ бекітіп жүріңіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.