31.07.17-06.08.17 арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Қомақты ақшаны жұмсамас бұрын жеті рет өлшеңіз, әйтпесе шығындану қаупі бар. Сейсенбі күні созылмалы дертіңіз асқынуы мүмкін. Бейсенбі күні бейтаныс ортаға тап боласыз. Жексенбі күні ешқандай ұсынысқа келіспеңіз.
Торпақ
Өміріңізде үлкен өзгеріс болғалы тұр. Мысалы, басқа қалаға қоныс аударасыз не жұмысыңызды ауыстырасыз. Болмаса өміріңізді басқа арнаға бұратын бір адамды жолықтырасыз. Демалыс күндері бар арман-тілегіңіз орындалуы тиіс.
Егіздер
Бұл аптада жоғалтқан заттарыңыз табылмайды, сондықтан мұқият болыңыз. Сәрсенбі күнгі ұсыныстан бас тартыңыз, ол жақсылық әкелмейді. Жұма күні көп нәрсе өзгереді. Балаларды бір сәт те қараусыз қалдырмауға тырысыңыз.
Шаян
Тарығып жүргендердің аузынан ақ май ағып, сырқаттанып жүргендер дертіне ем табады. Жақсы адамдардың назарына ілініп, қалағаныңызға солар арқылы қол жеткізесіз. Тек сенбі күні ешкімге сенбегеніңіз жөн. Тіпті досыңызға да.
Арыстан
Әлдебір құпияңыз ашылуы мүмкін. Сабыр сақтауды үйренсеңіз, бар қиындық тез ұмытылады. Сәрсенбі күні ащы, майлы тамақты шектегеніңіз жөн. Жұма күні барлық шаруа оңынан шешіледі. Демалыста өзен жағасында демалыңыз.
Бикеш
Кәсіпкерлерді өте табысты келісім күтіп тұр. Ал қызметкерлердің жалақысы өсуі мүмкін. Сәрсенбі күні ешкімге уәде бермеңіз, бәрібір орындай алмайсыз. Жұма күнгі таныстық өте пайдалы болмақ. Сенбіде тек сәттілік күте беріңіз.
Таразы
Өз өміріңізді өзгертетін уақыт келді. Біреудің ісімен айналысқанды қойып, өзіңізге көңіл бөліңіз. Созылмалы аурулардың асқыну қаупі бар. Сенбі күнге ешқандай той-мереке жоспарламаңыз. Демалыс жанға тыныштық сыйлайды.
Сарышаян
Сүйіктіңізбен ұрысып қалған болсаңыз, осы аптада татуласасыз. Дүйсенбі күнгі ұсыныс тиімді емес, келіспеңіз. Бейсенбі күні суға қатысты бір қауіп бар. Демалыста шығармашылық адамдары үшін бір мүмкіндік туғалы тұр.
Мерген
Дайындалыңыз, үлкен табыс есік қаққалы тұр. Бар еңбегіңіз ақталып, жемісін бермек. Алыс сапарда бір адаммен танысуыңыз мүмкін. Күндестердің өсек-аяңына мән бермеңіз. Сенбі күні қолыңызға қомақты ақша түсуі ғажап емес.
Тауешкі
Жаңалықтар мен таныстықтарға толы апта. Көпшілікпен көбірек араласыңыз, керегіңізді сол ортадан табасыз. Сейсенбіде тоқ көзінен абай болыңыз. Жұма күні алыстан келген бір адаммен танысасыз. Отбасына көбірек көңіл бөліңіз.
Суқұйғыш
Апта басында жоғалтқан бір затыңызды тауып алсаңыз, алдағы күндері мол табысқа кенелесіз. Бейсенбіден жұмаға қараған түні өз үйіңізде ұйықтаңыз. Жұма сезіміңізді білдіруге қолайлы күн емес. Жексенбіде тосынсый күтіңіз.
Балық
Арманыңыз қанша жерден қол жетпестей көрінсе де, оған қарай ұмтылуды доғармаңыз. Апта ортасында жұмыста жақсы жаңалық күтіп тұр. Жұма күнгі таныстық өміріңізді өзгертеді. Сенбі күні көптен іздеп жүргеніңізді табасыз.