Ә.Бәкірұлы, философ: Неге бұлай? Бұған кiм кiнәлi?

   Қазір жалғызбасты аналардың саны күрт көбейіп кетті. Соңғы жылдары елімізде құрылған некелердің 52 пайызы бір-екі жылдан кейін ажырасып кетеді екен. Сол 52 пайыздың ең аз дегенде 40 пайызында бала өмірге келсе, қаншама бала тірі жетім қалып жатыр. Неге бұлай? Бұған кім кінәлі?

   Ауылда жұмыс жоқ, жастар қалаға тоқтаусыз ағылуда. Көпшілігі кездейсоқ танысып үйленеді. Мінездері жараспайды. Қалай кездесті, солай ажыраса­ды. Ал, енді, бұрынғы өмір салтында ата-аналар балаларының отбасы құруына тығыз араласатын. Кімнің қызы, кімнің ұлы, шыққан тегі, тәрбиесі қандай деп отбасы құру жүйесін бақылауда ұстап отыратын. Қазір сол бақылау жойылды, жастарға еркіндік берілді. Өмірлік тәжірибесі жоқ жастар отбасын құрмастан үлкен қателіктерге ұшырап жатыр. Жезөкшеліктің белең алуы, жастар арасында белсіздіктің пайда болуы, міне, осының барлығы отбасы құндылықтарын сақтамаудан, бей-берекеттіктен туындап жатқан мәселелер. Оның үстіне, жұмыссыздық жаңадан үйленген жас жігіттердің өз отбасын сақтауына үлкен кедергі болып отыр.

«А»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.