Ағартқыш картоп маскасы

Бет терісіндегі пигментті дақтар – көптеген қыз-келіншектердің басты «мәселелерінің» бірі. Пигментті дақтардың пайда болу себептері де әртүрлі: гормональді өзгерістер, жүктілік, күн сәулесінің әсері, антибиотиктер қабылдау салдары, сапасыз косметика және тағы басқа. Қалай болғанда да осы қиындықтан картоп маскасы құтқара алады.

 * Лимон шырыны қосылған картоп маскасы

Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастап, картопқа 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, масканы бетке жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз.

* Сәбіз қосылған картоп маскасы

Тазартылған картоп пен кішігірім сәбізді үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Картоптың суын сығып, бөлек ыдысқа құйыңыз. Картопты сәбізбен араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетке жағыңыз. Бөлек ыдысқа құйып алған картоп шырынына қағаз майлықты сулап алып, масканың бетіне жабыңыз. 25 минуттан кейін салқын сумен жуыңыз.

* Пияз шырыны қосылған картоп маскасы

Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастаңыз. Дәл сол секілді орташа пияздың ½-ін ұсақ көзді үккіштен өткізіп, шырынын сүзіп алыңыз. Бұл шырынды картоппен араластырып, бетке жағу керек. Етіңізді 10 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.

ЕСКЕРТУ: Егер бұл маскаларды бетке жаққанда қандай да бір жайсыздықты (қышу, ашу, қызару) сезінсеңіз, бірден жуып тастағаныңыз жөн.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.