Ақылды автобус

Sony және Yamaha компаниялары SC-1 Sociable Cart деп аталатын жүргізушісіз автобус жасап шығарды.
SC-1 автобусында бес жолаушыға арнал­ған орын бар. Ол аккумуляторлы батареямен жүреді.
Көліктің ішінде ғалам­торға тегін қосылуға бо­лады, ал сыртында жүр­гіншілердің жасы мен жы­нысын анықтап, соған сай жарнама көрсетіп тұратын монитор бар. Автобуста терезе жоқ, оның орнына арнайы бас­қару элементтері сырт­қы көріністі қам­тып, ішкі мониторға шы­ғарады да, ол туралы мәліметтерді қоса беріп отырады. Сондай-ақ, мұнда қозғалыс бағы­ты, виртуалды карта, өтіп бара жатқан жер­лер туралы қызықты мә­ліметтер де көрсетіледі. Автобус жүргізушісіз жү­реді, бірақ оператор кез-келген уақытта оны бас­қару пульті арқылы қашықтықтан басқара ала­ды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.