ӘЛ-ФАРАБИ КІТАПХАНАСЫНДА 181 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАРЫҚ КӨРГЕН КӨНЕ КІТАП САҚТАЛҒАН

Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл — кітапхананың “Сирек қор” бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» /Редгонтлет/ атты тарихи романнының ІІ — томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады.

Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде. Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап  кітапханасы барлық  оқырман  санаттарына  арналған көпшілік  кітапхана  болып табылады. Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.