Әлемдегi ең жұмбақ оқиғалар: Тунгус метеориті
1908 жылы 30 маусымда таңғы сағат 7-де Орталық Сібірдегі Енисей өзенінің оң арнасындағы Тунгус ауданында жергілікті тұрғындар құйрықты жұлдыз сияқты соңына жарық із қалдырып ұшып өткен аспан денесін көрген. Соның артынша мыңдаған шақырымнан астам қашықтыққа жеткен ауыр соққы дауысы естіледі. Аса қуатты толқын 30 шақырым радиустағы ағаштарды түгел құлатады. Бұл жұмбақ оқиға әлемге Тунгус метеоритінің құлауы ретінде белгілі. Жұмбақ болатыны, метеорит дәл қай жерге құлады, тіпті ол метеорит пе, әлде басқа нәрсеме бұл әлі күнге белгісіз. Зерттеушілер жүз жылдан аса уақыттан бері осы құбылыстың сырын аша алмай келеді.
(Жалғасы бар). Дайындаған Б.КЕМЕЛ