Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Наурыз мейрамын тойлады

Түркістан облысында орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 10216 әскери бөлімінің аумағында Наурыз мейрамы тойланып өтті.

Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қай кезде де іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Ызғарлы қыстың кетіп, көктемнің келгенін білдіретін Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға Қарулы күштер ардагерлері, бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және қонақтар қатысты.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері арасында ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтау, бойда мәдени-тынығу және спорттық шаралар арқылы жауынгерлік рухты көтеріп, Ұлыстың ұлы күнін дәріптеуді мақсат еткен шара бөлімнің саптық алаңында концерттік бағдарламамен бастау алып, ұлттық ойындармен жалғасын тапты.

10216 «В» әскери бөлімінің командирі майор Ақылбек Джумагельдинов келе жатқан наурыз мейрамымен құтықтап, бұл мейрам — ата-бабадан келе жатқан Ұлы мереке, қазақ халқының күнтізбесіндегі бірліктің, молшылықтың, жанданудың белгісі екенін атап өтті.

– Ұлыстың ұлы күні Қарулы күштерімізде жыл сайын кең көлемде аталып келеді. Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің арасында ынтымақтастық пен бауырмашылықты арттырып, ұжымды біріктіре түседі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді 10216 «В» әскери бөлімінің командирі майор Ақылбек Джумагельдинов.

Саптық алаңды безендіре түскен мерекелік дастархан, наурыз көже, бауырсақ және басқа түрлі дәмді ұлттық тағамдармен қонақтардың көңіліп аулады.

Мерекелік шара барысында әуенді күймен шашу шашылып, бесікке салу, тұсау кесу және беташар дәстүрлеріне қойылымдар қойылып, ұлттық ойындар көкпар, қыз қуу, аударыспақ, арқан тартыс, асық және 9 құмалақ ойындарынан жеке құрам арасында сайыстар ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесі бойынша үздік аталып, жеңімпаз болғандар арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.