АЗАМАТТАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Түзеу мекемесінің міндеті – сотталған азаматты тура жолға бағыттау. Осы тұрғыдан алғанда біздің мекемеде де жазасын өтеп жатқандармен тәрбие жұмысы ұдайы жүргізіліп, ағаттық жасаған азаматтарды оңалту үшін тәжірибелі мамандар еңбек етуде. Былайша айтқанда, тәрбие жұмысын жандандыруға бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Мекемеде психологтар жаза басқандарды арнайы жеке қабылдап, әңгіме, сұхбат барысында психологиялық көмек көрсетуге тырысып бағуда.

Психологиялық тәрбие бойынша әртүрлі бағыттарда жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар да жасалып жатыр. Түрлі семинар, тренингтер жүргізіліп, «Бостандықтағы өмірге деген сенімділік», «Менің болашағым», «Парасат» т.б. шығармашылық іс-шаралар жүргізу де дәстүрге айналған.

Жыл басынан бері мекеменің профилактикалық есебіне қойылған сотталғандарға сараптама жүргізіліп, контингент арасында психологиялық диагностика жүргізіліп тұрады. Одан бөлек сотталғандардың психологиялық құзыреттілігін арттыру бойынша олардың ақыл-ой деңгейін анықтау мақсатында психологиялық тест те алынып тұрады.

Мекемедегі сотталған азаматтарға психодиагностика жүргізу де жалғасын табу үстінде.

Жуырда Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің психолог маманы мегаполистегі ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің жеке құрамына қызмет барысында қарама-қайшы әрекеттерге жол бермеу және алдын алу бойынша психологиялық сауалнама жүргізді. Психологиялық сауалнамалар пенитенциарлық жүйені қалыптастыру және қызметкерлер арасындағы құқық бұзушылықтарға, деструктивті мінез-құлықтың пайда болуына, қызметкерлердің жағымсыз жеке қасиеттерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында қолға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі де талқыланды. Оған қоса әрбір қызметкердің кез келген сұрақтар мен психологиялық жеңілдіктерді шешу үшін психологқа кәсіби көмек алу үшін жүгінуге мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта қызметкерлерге диагностикалау жүйесін жиі жүргізу де басты назардан түспек емес.

Ж.Асанов,

ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің арнайы бөлімнің бастығы,

әділет майоры.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.